Қосымша білім беру факультетінің деканы Саулеш Димкешқызы Мұқанова Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Шынар Акпаровамен кездесті. Талқылау тақырыбы -педагогикалық қайта даярлау бағдарламасы. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде қажетті база әзірленді. Педагогикалық қайта даярлау бағдарламасы ұлттық тізілімге енгізілді. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап аталмыш бағдарлама бойынша педагогикалық білімі жоқ және одан әрі жалпы орта білім беру ұйымдарында, колледждерде жұмыс істеу үшін педагогикалық қызметке алғаш кірісетін мамандарды оқытуды бастау көзделеді. Департамент басшысы Шынар Акпаровамен Қарағанды университетінің қосымша білім беру факультетінің деканы жұмыс істеп жатқан педагогтарды қайта даярлауды ұйымдастыру тәсілдерін талқылады. Белгілі болғандай, аймақта бұл қызметтерге сұраныс өте жоғары. Біздің курстарымыздан өңірдегі әріптестерімізді көруге қуаныштымыз!