ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

"Профессор С.Қ. Абильдина педагогика факультетінде ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша есебін ұсынды"

24.09.2024ж. академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессор-зерттеушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.Қ.Абильдина педагогика факультеті ұжымы алдында ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша есебін ұсынды. Профессор-зерттеуші лауазымы қызметінде есеп беру мерзімінде төмендегідей бағыттар бойынша: халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатынасу, гранттық қаржыландыру жобаларына жетекшілік ету, ғылыми басылымдарға мақалалар жариялау, семинарлар өткізу, диссертациялық кеңестерге қатынасу, түрлі деңгейдегі комиссия жұмыстарына қатынасу, біліктілікті арттыру және т.б. атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Факультет деканы С.А.Муликова, мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық кафедрасының қауымдастырылған профессоры Г.Б.Бейсенбекова, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі А.О.Мухаметжанова сөз алып, ғалымның ғылыми-зерттеу жұмысына оң баға беріп, алдағы игі бастамаларына сәттілік тіледі.