ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ӨРКЕНДЕУ, ТҰРАҚТЫЛЫҚ, БЕЙБІТШІЛІК

23 қазанда Студенттер сарайының сахнасында Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараның басында дене шынықтыру және спорт факультетінің студенттері ҚР туын ұстап шығып, көрермендерге саптық тәсілдерді көрсетті. Ректор Н.О. Дулатбековтің атынан стратегиялық мәселелер жөніндегі проректор Ербол Сармурзин құттықтау сөз сөйледі. «Бұл күні біз еліміздің бай тарихын, оның жетістіктері мен еңсерілген қиындықтарын мақтанышпен және құрметпен еске аламыз. Жаңа Қазақстан құру ісі әрбір азаматтың еңбегі мен жігерінің жемісі, әрбір ұрпақтың қосқан үлесі болып табылады. Бүгінгі Қазақстан – тұрақтылық, бейбітшілік пен гүлденудің символы. Біз әл-ауқат пен даму жолында біріге отырып, мәдениеттер мен ұлттар әралуандығын құрметтейміз. Осы салтанатты күні баршаңызға денсаулық пен бақ-береке, бақыт пен еңбекте және оқуда табыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен көркею жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын. Республикамыз гүлденіп, халқымыз бейбітшілік пен келісімде тату-тәтті өмір сүре берсін деген тілек білдіргім келеді!» Қазақстан Республикасы күні қарсаңында ОПҚ мен қызметкерлерге ректор Н.О.Дулатбековтің атынан Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді. Мерекелік бағдарламаны студенттер театрының әртістері, «Жарқын» фольклорлық ансамблі, Қазақстан туралы патриоттық әндер орындаған дарынды студенттер және басқа да өнерпаздар жалғастырды.