2023 жылдың 27 ақпаны мен 1 наурыз аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде халықаралық институционалдық аккредиттеу өтті. Аккредиттеуді университеттің жоғары білім сапасының халықаралық стандарттарына (ESG) сәйкестігін бағалау мақсатында Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) жүргізді.
Комиссия құрамында ұлттық және шетелдік сарапшылар, Қарағанды өңірінің жұмыс берушілері мен студенттерінің өкілдері жұмыс істеді.
Жұмыс барысында комиссия мүшелері университет басшылығымен кездесіп, проректорлармен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, факультет декандарымен, кафедра меңгерушілерімен, университет оқытушыларымен, білім алушыларымен және әр жылдардағы түлектермен, сондай-ақ жұмыс берушілермен сұхбат жүргізді. Барлық кездесулер жанды қарым-қатынаста және өзара кәсіби қызығушылықпен өтті.
Сарапшылар университетті, оның әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымына визуалды шолу жасап, биология-география, физика-техникалық, химия, экономика, математика және ақпараттық технологиялар факультеттерінің оқу-зертханалық және ғылыми базасын аралады. Сараптамалық топ мүшелері университеттің ғылыми-зерттеу институттарының, зертханаларының және басқа да объектілерінің техникалық жабдықталу деңгейін жоғары бағалады.
Университет басшылығымен қорытынды кездесу барысында, комиссия мүшелері аккредиттеу рәсімін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді, университет оқытушылары мен қызметкерлерінің кәсібилігі мен корпоративтік рухын, білім алушылардың жоғары ынтасын атап өтті.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің барлық ұжымына біздің ортақ ісіміздің игілігі үшін бірлік пен жауапкершілік танытқандарына шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз!