ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БІРЕГЕЙ МОНОГРАФИЯНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ: КӨПЖЫЛДЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НӘТИЖЕСІ

23 қазанда Қарағанды Бөкетов зерттеу университетінің тарих факультетінде XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырға дейінгі Қарқаралы өңіріндегі білім беру жүйесінің даму тарихына арналған монографияның тұсаукесері өтті. Шара Орталық Қазақстанның тарихына қызығушылық танытқан ғалымдар, студенттер мен қоғам өкілдерінің басын қосты. Басылымда алғаш рет қалың оқырманға ұсынылған мұрағаттық құжаттар мен фотоматериалдар бар. Өңірлік және облыстық мұрағаттарда ұзақ жылдар бойы жүргізілген зерттеулер барысында жинақталған бұл бірегей материалдар өлкетану мен тарих ғылымының дамуына қосылған елеулі үлес болып табылады. Ғылыми жұмыс Л.Қ. Шотбақова, Г.М. Смағұлова, Б.Т. Төлеуова, Н.А. Бейсенбекова, Қ.Е. Түсіпбек сияқты университеттің жетекші ғалымдары мен мұрағат деректерін жинап, талдауға белсене қатысқан магистранттардың еңбектерінің нәтижесі болды. «Бұл шараға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Университетте оқып жүргенде жалпы Қарқаралы қаласының тарихы мен білім беру жүйесіне қатысты көптеген материалдар жинадым», – дейді облыстық тарихи-өлкетану мұражайы басшысының орынбасары Темірлан Серік. Авторлар монографияның жазылу процесіне, мұрағаттармен жұмыс істеу барысында туындаған қиындықтар мен жинақталған материалдардың тарихи маңызына тоқталды. Тұсаукесер университет үшін ғана емес, Қазақстанның бүкіл ғылыми қауымдастығы үшін маңызды оқиға болды, өйткені кітап Қарқаралы өңірінің тарихын зерделеуде жаңа беттер ашып, республиканың мәдени мұрасын сақтауға үлес қосады.