ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ

2024 жылдың 17-ші қазанында педагогика факультетінің 40 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы кәсіби педагогикалық білім беру дәстүрінің сабақтастығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның бірінші күні өтті. Конференция мақсаты: кәсіби педагогикалық білім беру теориясы мен тәжірибесіндегі өзекті мәселелерді қарастыру. Спикерлер ретінде Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Түркия сияқты жақын және алыс шет елдердің жетекші ғалымдары, тәжірибелі педагогтары, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарының ғалымдары баяндама жасады. Конференцияның пленарлық және секциялық отырыстарының жалпы саны 56 адамды құрады, олардың ішінде қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары, жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдері, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, мамандандырылған медициналық-әлеуметтік мекемелердің өкілдері, академик Е.А.Бөкетова атындағы Қарағанды зерттеу университетінің ПОҚ, докторанттары, магистранттары, студенттері қатысты. Конференция жұмысы бес секция бойынша ұсынылған тақырыптар шеңберінде кең ауқымды мәселелерді талқылаумен өтті. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар пленарлық және секциялық отырыстардың жұмысын жоғары бағалады. Құрметпен академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің педагогикалық факультеті.