Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Abai University) ұйымдастырумен 2023 жылдың 27 сәуірі күні "информатика мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламалары бойынша ЖОО студенттері арасында Руспубликалық пәндік олимпиадада МжАТ факультетінің "ИКТ және Робототехника" мамандығының 4 курс студенттері Оралбек Мерей, Өмірхан Ақкербез жүлделі 2-орын иеленді. Команда жетекшісі ҚМжәнеИ кафедрасының аға оқытушысы Хабдолда Болат.
Университетіміздін Рухани KZ бағдарламасы аясында ұйымдастырылған, 02-04.06.2023 күндері Қарағанды-Түркістан 1300 км эстефеталық ультрамарафонында "Buketov runners" желаяқтар тобынын мүшелері, яғни математика және ақпараттық технологиялар факультетінің екі оқытушысы Муратхан Райхан мен Хабидолда Өмірхан қатысып өздеріне берілген арақашықтықты жүгіріп өтті. Эстафеталық ультрамарафон өскелен ұрпаққа қазақ тарихындағы "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" атауымен белгілі тарихы 350 жылдығын, Бұхар жырау бабамыздың 355 жылдығын насихаттау мақсатында өтті.
Астана қаласында 3 - 5 мамыр аралығында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының базасында «6В05401-Математика» білім беру бағдарламасы бойынша математика пәнінен Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы өтті. Бұл олимпиадаға біздің университеттен М-20-1к ест тобының студенті Асанов Асқар, М-21-1 ест тобының студенті Келдибеков Нұрбол және МиФ-21-1к тобының студенті Абитаев Әділсамат қатысты. Додалы жарыста Абитаев Әділсамат топ жарып, жүлделі 3 орын иеленді. Университетіміздің намысын қорғап, жеңіске деген жігерлерін көрсеткен қатысушыларымызға алғысымызды білдіреміз!!! Алдағы уақытта Сіздерге бұдан да биік жеңіс тұғырларынан көріне берулеріңізге тілектеспіз!!!