ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

СТУДЕНТТЕРГЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ

Қарағанды зерттеу университетінде 1 курс студенттерімен профилактикалық кездесу өтті. Жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық мәдениетті нығайту мақсатында ұйымдастырылған іс-шара барысында азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы, Заң клиникасының маманы Р. Б. Жағалов және кафедраның аға оқытушысы, заң клиникасының басшысы В. В. Воропаев студенттік өмірге, білім алушылардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты Қазақстан Республикасы заңдары мен нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндірді. Іс-шараны ұйымдастырушы — Buketov University-дің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті. Кездесу барысында Р. Б. Жағалов құқықтық нормаларды сақтаудың маңыздылығына тоқталып, әрбір студент өз мүддесін қорғауға құқылы және еліміздің заңнамасын сақтауға міндетті екеніне тоқталды. Өз кезегінде В. В. Воропаев Заң клиникасы ұсынатын жанжалдарды шешу тетіктері мен мүмкіндіктер туралы айтты. «Заң клиникасы — Қарағанды Бөкетов университетінің құрылымдық бөлімшесі, оның мақсаты халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары — зейнеткерлерге, көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға және т. б. құқықтық көмек көрсету болып табылады. Консультациялық көмек көрсете отырып, соттарда адамдардың мүддесін қорғамайтынымызды айта кету керек. Солай бола тұра қандай да бір жағдайды шешу үшін кімге және қайда жүгіну керектігін айта аламыз», — деді ол. Спикерлер жергілікті реттеудің нормативтік-құқықтық актілері — университет сайтындағы ішкі тәртіп ережелеріне, Академиялық адалдық ережелері мен академиялық саясатқа егжей-тегжейлі тоқталды. В. В. Воропаевтың пікірінше, бұл құжаттар оқу процесінің тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз ететін іргелі қағидалар қызметін атқарады. Мысалы, ішкі тәртіп ережелері академиялық ортада өзара әрекеттесу шеңберін белгілей отырып, студенттер мен оқытушылардың мінез-құлқына қатысты басты үміттердің негізін қалайды. Академиялық адалдық ережелері өз кезегінде зияткерлік меншікке деген сенім мен құрмет атмосферасын құруға ықпал етеді. Олар плагиат, жалғандық және жосықсыз мінез-құлықтың басқа түрлерімен байланысты жағдайларды қалай шешу керектігін анықтайды. Академиялық саясатқа қатысты спикерлер оның көпжақтылығы мен білім беру ортасындағы өзгерістерге бейімділігін атап өтті. Ол академиялық үлгерім критерийлерінен бастап білім сапасын бағалау тетіктеріне дейінгі көптеген мәселелерді қамтиды. Осылайша, жергілікті реттеудің бүкіл жүйесі үйлесімді және өнімді білім беру ортасын құруға ықпал етеді. Жиынға қатысушыларға қоғамдық орындарды ластау, қоғамдық орындарда балағат сөз айту, жол қозғалысы ережелерін бұзу, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу, тыныштықты бұзу, қол сұғу, ұрып-соғу, ар-намысты қорлау сияқты ұсақ бұзақылық, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы айтылды. Қорытындылай келе, құқықтық мәдениет жауапты және белсенді азаматтық қоғамды қалыптастырудың негізі болып табылатыны және әрбір студент осы маңызды іске өз үлесін қоса алатыны атап өтілді.