Тамыздың 19-і мен 29-і аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде қызметкерлер мен профессорлық-оқытушылар құрамы арасында корпоративтік рухты жігерлендіру, корпоративтік мәдениетті одан әрі қалыптастыру, университет жастары, оның ішінде 2024-2025 оқу жылының талапкерлері арасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың тартымдылығын арттыру мақсатында дәстүрлі «CASUAL BUKETOV – 2024» іс-шарасы өтеді. Барлық оқу ғимараты мен Студенттер үйінде студенттер, қызметкерлер және профессорлық-оқытушылар құрамы (жұмыс уақытында) университеттің имидждік кимдерін киіп жүруі керек.