ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттерін құттықтаймыз

Өскемен қаласы «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ «6В013 – Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша 2024 жылдың 16-17 қазан аралығында «Болашақ табысты мұғалім – ұлт кепілі» XV Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарынан 17 команда қатысты. Олимпиада төрт кезеңнен тұрды: 1) «Мұғалім оқушыны табысқа жетелейді» таныстыру кезеңі; 2) «Күш білімде» теориялық сайыс кезеңі; 3) «Оқимын, талдаймын» практикалық сайыс кезеңі; 4) «Педагогикалық симфония»үй тапсырмасы (бейнесабақты көрсету). «6В01301 –Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының «Kaizen» командасы құрамында 3-4 курс студенттері Қуантаева Мадина, Өскінбай Нұрай, Дүйсенбі Назерке, Момбек Толғанай табысты өнер көрсетіп, III дәрежелі дипломмен және 35000 теңге сертификатымен марапатталды. Жетекшілері: Әукен Айнаш Орынбасарқызы, Бакирова Индира Дарханқызы педагогика ғылымдарының магистрі, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары. Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!!! Сіздерге табыс, шабыт, шығармашылық жаңа белестерді бағындыруларыңызды тілейміз!