ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттерін құттықтаймыз

«6В01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттер тобы Жәнібек Назира, Сауытжан Жібек, Момбек Толғанай, Мұхамеджан Риза ІІІ деңгейлі дипломмен марапатталды.

Ғылыми жетекшілері – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Шаяхметова М.Н.; педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушысы Асетова Ж.Б.

"6В013 - Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау" бағыты бойынша "Педагогикалық идеялар: - бастауыш білім беру сапасының негізі" атты XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада Алматы қаласында «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» АЕҚ 2023 жылдың 21-22 сәуірінде болды. Олимпиадаға Қазақстанның ЖОО келген 25 команда қатысты.

Олимпиада төрт турдан құралды - «Кәсіби құндылықтар», «Білім кеңестігіндегі педагогикалық идеялар» зерттеу жобасын қорғау, «Кәсіби білім сапасы» (тестілеу), «Педагогикалық дизайн» практикалық конкурсы (үй тапсырмасы, бейнесабақ фрагменті).

Жеңіспен құттықтаймыз!!! Бұл көп күш, шыдам мен еңбек жұмсалған лайықты марапат. Білімдеріңіз ұштала берсін, алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын.