2022 жылғы 20-22 сәуір аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында «Туризм» мамандығы бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді.
Олимпиада үш кезеңнен тұрды: сырттай кезең («Қазақстанның туристік өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру: жастардың көзқарасы» тақырыбына эссе дайындау), эссе тақырыбы бойынша жобаларды қорғау, спорттық кезең («Туристік бағдарлау», «Жеке қашықтық», «Командалық қашықтық»).
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің атынан құрамында: Шипилова Елизавета, Светлакова Дарья, Рахым Олжас, Родюшкин Дмитрий, Ахметова Жәния бар «K-Art» командасы қатысты.
Жобаларды қорғау нәтижелері бойынша «K-Art» командасы 1 орынға ие болды.
«Туристік бағдарлау» кезеңінде жеңімпаздар: Родюшкин Дмитрий (1 орын) және Светлакова Дарья (3 орын).
«Жеке қашықтық» нәтижелері бойынша: 1 орын – Светлакова Дарья, 3 орын – Шипилова Елизавета.
«Командалық қашықтықта» «K-Art» командасы 1 орынға ие болды.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша біздің команда 1 жалпыкомандалық орынға ие болды.
Ғылыми жетекшілері: маркетинг кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор – Мамраева Динара Габитовна, э.ғ.м., маркетинг кафедрасының аға оқытушысы Нұрсұлтан Думан Талғатбекұлы, э.ғ.м., оқытушы Гребенюк Дарья Дмитриевна.
2023 жылы «Туризм» мамандығы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы өткізу құқығы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне берілді.