2022 жылдың 28 сәуірінде Esil University (Нұр-сұлтан қ.) базасында «Әлемдік экономика» білім беру бағдарламасы бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің командасы 2 және 3 орынға ие болды!
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті командасының атынан МЭ-31 тобының студенттері Шекимова Лия, Сембина Аружан және МЭ-11 тобының студенті Алтынмұрат Төлеген қатысты.
Ғылыми жетекшілері: Экономика және халықаралық бизнес кафедрасының оқытушылары Нұржан Мадина Әділетқызы және Рахимова Ақерке Нұрланқызы.
Құттықтаймыз!