ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» БББ бойынша ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасында XIV Республикалық пәндік олимпиаданың екінші кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз!

2022 жылдың 14-15 сәуірінде Алматы технологиялық университетінің базасында олимпиаданың екінші кезеңі өтті.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің атынан келесі құрамда команда қатысты: Курпебаева Лейла, Алексеева Мария, Амирбекова Нуриля, Сулейменова Айгерим.

Жалпы командалық есепте команда 3-ші орынға ие болды. Жеке есепте 49 студенттің ішінен Амирбекова Нуриля 3-орынды иеленді.

Ғылыми жетекшілері: маркетинг кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор – Мамраева Динара Габитовна және PhD, маркетинг кафедрасының қауымдастырылған профессоры – Аяганова Мейрамгуль Пазыловна.

Ғылым шыңын бағындыруда жарқын жеңістер мен табыстар тілейміз!