2023 жылғы 11-15 мамырда Орынбор мемлекеттік университетінің менеджмент, экономика және кәсіпкерлік институты, маркетинг және сауда кафедрасы базасында маркетинг бойынша VII Бүкілресейлік ғылыми олимпиада өтті.
Олимпиадаға 90-нан астам студент қатысты, қатысушылар арасында Орал мемлекеттік экономикалық университеті, И. Кант атындағы Балтық федералды университеті, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Орынбор мемлекеттік университеті, Кемерово мемлекеттік университеті, Ю. А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті, Томск мемлекеттік университеті, И.С. Тургенев атындағы, Орел мемлекеттік университеті және басқа жоғары оқу орындары болды.
Біздің университет намысын SMM-22-2р тобының 1 курс студенттері лайықты түрде қорғады: Куликова Софья, Ли Елизавета, Серіков Әлімхан, Тарарин Роман.
Ғылыми жетекшілер:
–Ташенова Лариса Владимировна – цифрлық экономиканы зерттеу институтының директоры, э.ғ.к., маркетинг кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
– Торжанова Данагүл Асетовна - ғ.м., маркетинг кафедрасының аға оқытушысы;
– Гребенюк Дарья Дмитриевна - э.ғ.м., маркетинг кафедрасының оқытушысы.
Олимпиада қорытындысы бойынша біздің команда жоғары оқу орындарының 23 командасы арасында 2 орынға ие болды.