«6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының білім алушылары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология Институты «Бастауыш білім» мамандығы студенттері арасында VII Халықаралық педагогикалық шеберлік байқауында жеңіске жетті. Байқауға қазақстандық және шетелдік ЖОО шыққан 8 команда қатысты.
Біздің студенттер келесідегідей байқау тапсырмаларын орындады: «Таныстыру» - командалар өздерін таныстырды; «Мінсіз оқушы» презентациясы; «Білгірлер» тапсырмасына сабақтың жоспар-конспектісі және байқау нәтижесі бойынша ІІ деңгейлі дипломдармен «БАҚЫТ» - Абилкасим Сания, Дүйсенбі Назерке, Асилбек Арманай, Арыстан Бибигүль - «6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының білім алушылары (ғылыми жетекшілері – педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Асетова Ж.Б., педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Бейсенбаева А.М.); «Bilim Art» - Мұхамеджан Риза, Момбек Толғанай, Туймебай Ұлмекен, Пердебай Ұлбала (ғылыми жетекші - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мухаметжанова А.О.) марапатталды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 2023 жылы студщенттер арасындағы Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстар байқауының жыл сайынғы қорытындысы бойынша ІІІ деңгейлі дипломмен «6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім бағдарламасының 3 курс студенті Тұрлыбек Айгерім Мұхтарқызы (ғылыми жетекшілері педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абильдина С.К., педагогикалық ғылымдар кандидаты, қауымдастырылған профессор Мухаметжанова А.О.) марапатталды.