«500 ғалым» грантының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті келесі оқытушылар мен қызметкерлерді әлемнің жетекші зерттеу орталықтарында 500 ғалымды тағылымдамадан өткізу шеңберінде стипендия иегерлері атануымен құттықтайды:
- Ахметжанова Гульдарай Адильхановнаны – бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы, магистрді;
- Байкенжина Ширын Такеновнаны – заң басқармасының басшысы, магистрді;
- Балгимбекова Гульнара Укибаевнаны – конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының профессоры, PhD докторын;
- Дуйсембаев Азамат Алдашовичті – маркетинг және рекрутинг басқармасының басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессорды;
- Саржанова Ғалия Байжұмақызын – шет тілдік дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, PhD докторын;
- Тажбаев Еркеблан Муратовичті – Басқарма мүшесі, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, PhD докторы, профессорды;
Жоғарыда аталған ғалымдар George Washington University, University of Reading, Heriot-Watt University, University of Illinois Urbana- champaign сияқты ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтеді.