ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

2023 жылы 19 желтоқсанында «Sustainable Tourism Development» ғылыми жұмыстардың VI халықаралық қашықтық конкурсының қорытындысы шығарылды. Ұйымдастырушылар: «Маркетинг» кафедрасы және Цифрлық экономиканы зерттеу институты. Конкурсқа Қазақстан мен ТМД елдерінен 12 команда қатысты.

Байқауға қатысу үшін командалар 1-турға инфографика  дайындау, сонымен қатар 2-тур аясында ұсынылған бағыттар бойынша ғылыми жұмысты рәсімдеу керек болды. Қатысушылар арасында «Эко-отельдерді басқару тәжірибесі», «Ауылдық туризмді дамыту үшін дестинациялардың тұрақтылығын бағалау», «Туристік дестинацияларда эко-брендтерді дамыту» сияқты тақырыптар ерекше қызығушылық тудырды.

Қорытынды нәтижеге сәйкес «Инфографика» бағыты бойынша жүлделер төмендегідей бөлінді:

1 орын:

Сколкова М.В., Оганезова А.К., Дукуева А.А. құрамындағы Қазтұтынуодағы  Қарағанды университетінің (Қазақстан Республикасы) «Eco Friends» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Борбасова Зияда Назибековна – э.ғ.д., профессор.

2 орын:

- Кобзарь И.Н., Крашенинникова В.В., Сазонова А.С. құрамындағы Кубан мемлекеттік технологиялық университетінің (Ресей Федерациясы) «Мастера гостеприимства» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Бугаец Н.А. – т.ғ.к., доцент.  

Резун В.М., Карабаева Д.С. құрамындағы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Гранд» студенттер командасы.

Ғылыми жетекшілер: Торжанова Д.А. – ғ.м., маркетинг кафедрасының аға оқытушысы, Гребенюк Д.Д. – э.ғ.м., маркетинг кафедрасының оқытушысы.

3 орын:

- Гуторова К.А., Тягушева Д.В., Никонова В.Н. құрамындағы Н.И.Лобачевский атындағы Нижний Новгород мемлекеттік университетінің (Ресей Федерациясы)  «Время приключений» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Смирнова И.П. – жарнама, қоғаммен байланыс және туризм кафедрасының аға оқытушысы.

- Соловская А.В., Сахно В.К., Гриднева А.Н. құрамындағы Ресей мемлекеттік туризм және сервис университетінің (Ресей Федерациясы)  «Они искали приключений» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Киреева Юлия Александровна – п.ғ.к., доцент

- Шипилова Е.А. құрамындағы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Eco+» командасы

Ғылыми жетекшілер: Мамраева Динара Габитовна – э.ғ.к., профессор, маркетинг кафедрасының меңгерушісі; Ташенова Лариса Владимировна - э.ғ.к., қауымд. профессор, Цифрлық экономиканы зерттеу институтының директоры.

Қорытынды нәтижеге сәйкес «Ғылыми жұмыс» бағыты бойынша жүлделер төмендегідей бөлінді:

1 орын:

- Тумановская А.Э., Смоленко Д.П., Бреус А.А. құрамындағы Н.А.Добролюбов атындағы Нижний Новгород мемлекеттік лингвистикалық университеттің (Ресей Федерациясы)  «ЮНИС» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Смирнова И.П. – жарнама, қоғаммен байланыс және туризм кафедрасының аға оқытушысы.

2 орын:

- Анищенко А.А., Князева Ю.В., Чебуракова А.В. құрамындағы Ресей халықтар достастығы университетінің (Ресей Федерациясы) «HBTI crew» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Калыгина Екатерина Васильевна – аға оқытушы

- Обшолова Л.А., Четвергова Д.М., Шилик А.А.құрамындағы Н.А.Добролюбов атындағы Нижний Новгород мемлекеттік лингвистикалық университеттің (Ресей Федерациясы)  «Tourism developers» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Смирнова И.П. – жарнама, қоғаммен байланыс және туризм кафедрасының аға оқытушысы.

3 орын:

- Баринова  А.А., Козловская  Д.В., Григорьев Т.А. құрамындағы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің (Ресей Федерациясы)  «Землекопы» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Тестина Я.С. – э.ғ.к., доцент.

- Мұрат А.А., Өмірзақ Ә.Ә. Сухих З.В. құрамындағы «Тұран» университетінің (Қазақстан Республикасы) «Эко-защитники» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Величко Анастасия Викторовна – магистр, сениор-лектор.

- Рещиков Г.И., Меркушова К.Р., Кашина А.В. құрамындағы Г.В.Плеханов атындағы РЭУ (Ресей Федерациясы) «Зеленый Радар» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Гареев Р.Р. – э.ғ.к., доцент.

Барлықтарыңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет!

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!