ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Маркетинг бойынша VIII Бүкілресейлік ғылыми олимпиаданың жеңімпаздарын құттықтаймыз!

2024 жылдың 21-25 мамырда Орынбор мемлекеттік университетінің менеджмент,  экономика және кәсіпкерлік институты, маркетинг және сауда ісі кафедрасы базасында маркетинг бойынша VIII Бүкілресейлік ғылыми олимпиада өтті.

 

Олимпиадаға 115-тен астам студент қатысты, қатысушылар арасында Орал мемлекеттік экономикалық университеті,  Орталық Ресей басқару институты - РАНХиГС филиалы, И. Кант атындағы Балтық федералды университеті, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Томск мемлекеттік университеті,  Орынбор мемлекеттік университеті, Кемерово мемлекеттік университеті, Ю. А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті, И.С. Тургенев атындағы Орел мемлекеттік университеті және басқа жоғары оқу орындары болды.

 

Біздің университет намысын SMM-22-2р тобының 2 курс студенттері лайықты түрде қорғады: Куликова Софья, Серіков Әлімхан, Тарарин Роман, Абдуалиева Қалдана.

 

Ғылыми жетекшілер:

–Ташенова Лариса Владимировна – цифрлық экономиканы зерттеу институтының директоры, э.ғ.к., маркетинг кафедрасының қауымдастырылған профессоры;

– Торжанова Данагүл Асетовна - ғ.м., маркетинг кафедрасының аға оқытушысы;

– Гребенюк Дарья Дмитриевна - э.ғ.м., маркетинг кафедрасының оқытушысы.

 

Олимпиада қорытындысы бойынша біздің команда жоғары оқу орындарының 30 командасы арасында 3 орынға ие болды