«7М01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары – Даян Мадина, Абдурахманова Галия, Бисолтан Лейла, Амангелдина Аяулым VIII Республикалық олимпиадасында «7М01 – Педагогикалық ғылымдар» даярлық бағыты бойынша ІІ деңгейлі дипломды жеңіп алды.
Магистранттардың ғылыми жетекшілері – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мухаметжанова А.О.; педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Айдарбекова К.А.
2023 жылдың 14 сәуірінде «Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті» АЕҚ өткен Республикалық олимпиадаға 14 команда қатысты. Бағдарламаға сай магистранттар «Сәлемдесу», «Ғылыми жоба», «Эссе» байқауларында бақ сынасып, «Эрудит» байқауына да қатысты. Магистранттар бәсекелік күресте білімді сәтті жарыстырып, барлық тапсырмаларды орындап, жүлделі орынға ие болды.
Жеңіспен құттықтаймыз!!!
Әрдайым сәттілік серік болып, бақтарыңыз жана берсін тілегін білдіреміз!