Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне Хэнань көлік кәсіптік-техникалық институтының ректоры Хутао Цзяо, Хэнань көлік кәсіптік-техникалық институтының партия бөлімшесінің хатшысы Чжаожен Сюань және «Ютонг» компаниясының оқу-дайындық орталығының басшысы Юнхао Ли кіретін делегация келді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар біздің университет базасында оқу орталығын ашуға қатысты физика-техникалық факультетпен белсенді ынтымақтасуға келісті. Университеттер мен оқу орталықтары арасындағы қарқынды халықаралық ынтымақтастық интернационалдандыруға ықпал етеді, ынтымақтастықтың мұндай түрлері өндіріс үшін мамандар даярлау сапасына оң әсер етеді.