ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Кездесу

«6В01301 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының білім алушылары қайырымдылық қызметі және тәжірибені ұйымдастыру мен жұмысқа орналастыру саласындағы әлеуметтік әріптестікті кеңейту аясында «Қарағанды облысы Білім басқармасының «Таңшолпан» қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-де болды. Директордың орынбасары Кәрім А.Б. орталыққа экскурсия жүргізіп, педагогика факультетінің студенттерін одан әрі жұмысқа орналастыру мүмкіндігімен практикадан өтуге шақырды. Студенттер сценарий дайындап, орталықтың балаларына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара ұйымдастырды. Акт залында білім алушылар Отан туралы әндерді, Қазақстан халықтарының билерін орындады, өлең оқыды, домбырада ойнады. Балалар ойындар мен викториналарға белсенді қатысты. Педагогика факультетінде «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жәрмеңкесі (29.11.2023) өткізілген, одан жиналған қаражатқа Орталықтың балаларына автоматты кір жуғыш машина, ойыншықтар мен тәттілер сатып алынды және сыйға тартылды.