2022 жылдың қыркүйек айында БМПУ (Беларусь Республикасы, Минскі қ.) кездесу күндері аясында онлайн іс-шаралар жүргізілді, аталмыш мерзімде әр тарап педагогикалық қызмет барысындағы кәсібилігін көрсетіп, оқыту процесіндегі жетістіктері мен әдіс-тәсілдерімен бөлісті. БМПУ әлеуметтік-педагогикалық технологиялар факультетінің ПОҚ Әлеуметтік-педагогикалық технологиялар Ресурстық орталығының Презентациясын және «Ата-ана университеті» жобасының Презентациясын және «21-ғасыр жанұясы» халықаралық студенттік ғылыми-зерттеу лабораториясын көрсетті, ҚарУ БОПмӘ кафедрасының ПОҚ «Интерактивті білім беру ресурстары және оқыту сапасы» педагогикалық шеберлік презентациясымен сөз алды. Кездесу нәтижесінде мол тәжірибемен алмасу орын алды, ал екі ЖОО арасындағы әріптестік бұрынғыдан да берік бола түсті.
2022 жылдың 10 қарашасы БОПмӘ кафедрасының ПОҚ «Педагогикалық білім трансформациялық үрдістер шарттарында: қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудің ресурстары мен механизмдері» Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияға қатысты. Онлайн-конференция қорытындысы бойынша РИНЦ ғылыми дәйексөзінің Ресей ұлттық библиографиялық дерекқорында орналастырылатын ғылыми мақалалар жинағын электрондық форматта шығару жоспарлануда.