Қосымша білім беру факультетінде «Педагогикалық қайта даярлау» бағдарламасының алғашқы 10 тыңдаушысына сертификаттар табыстау рәсімі өтті.
KBU «Педагогикалық қайта даярлау» бағдарламасы ҚР ҒЖБМ тізіліміне енгізілген және 5 бағыт және 14 педагогикалық мамандық бойынша педагог емес мамандарға оқытудан өтуге мүмкіндік береді.
Басқарма мүшесі-академиялық жұмыс жөніндегі проректор Мадина Максимовна Умуркулова педагогикалық жұмысқа қолжетімділікті ашатын ерекше үлгідегі сертификаттарды табыс етті. Бірінші шығарылымда-математика, информатика, шетел тілі, биология, химия, бейнелеу өнері/көркем еңбек/графика және дизайн мұғалімдері.
Қосымша білім беру факультеті KBU факультеттерінің педагогикалық, химия, математика және ақпараттық технологиялар, биология-география, шет тілдері оқытушыларына ұйымдастырылған оқу курсы үшін алғыс білдіреді!
Тыңдаушыларға педагогикалық салада өзін-өзі табысты жүзеге асыруды тілейміз!
Қосымша білім беру факультеті 2024 оқу жылы бағдарламасының екінші тыңдаушыларын қабылдау туралы хабарлайды.