Бүгін № 9 оқу ғимаратының жанындағы стадион аумағында Қарағанды қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары арасында Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры жүлдесіне арналған шаңғы жарысы бойынша ашық біріншілік (эстафета) өтті. Жарыстың бас төрешісі — Сармантаев А. С.; Бас хатшы — Сағиева Л. Н.
Жарысқа ұлдар арасында 6 команда және қыздар арасында 4 команда қатысты. Қатысушылар саны — 44.
Ұлдар арасындағы жарыста жүлделі орынға иеленген:
№ 8 ЖББМ —1 орын;
№ 17 ЖББМ – 2 орын;
№ 104 гимназия мен Шахтинск қ. № 7 ОМ – 3 орын.
Ал қыздар арасында:
Абай атындағы № 104 гимназияның бұрымдылары бәйгеде оза шауып —1 орынды еншілесе, № 17 ЖББМ — 2 орынды қанжығаға байлады. № 8 ЖББМ мен № 18 ЖББМ — 3 орынға табан тіреді.
Командалық жарыста үздіктер қатарынан көрінген: № 8 ЖББМ — 1 орын; № 104 гимназия — 2 орын және № 8 ЖББМ — 3 орын.
Ашық біріншіліктің барлық жүлдегері бағалы сыйлықтармен марапатталды.