2023 жылғы 9 маусымда Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Педагогикалық факультетіне Netherlands Business Academy өкілдері – профессор Jan van Zwieten және Yvette Livius келді. Кездесуге академиялық мәселелер жөніндегі проректор Т.З. Жүсіпбек, стратегиялық даму жөніндегі проректор Б.А. Жетпісбаева, халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Т.А. Кохановер, факультет деканы С.А. Муликова, кафедра меңгерушілері мен педагогика факультетінің оқытушылары қатысты.
Қонақтар факультет кітапханасымен, арнайы және инклюзивті білім беру ресурстық орталығымен, виртуалды мектепке дейінгі білім беру ресурстық орталығымен және көркемөнер көрмесімен танысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы "Leadership in Education" магистратураға арналған білім беру бағдарламасының мазмұнын талқылау болды. Білім беру бағдарламасын әзірлеушілер өз презентациясында түлектің мақсатын, мақсатты тобын, кәсіби қызмет салаларын ашты. Білім беру бағдарламасының тақырыбын талқылауға ерекше көңіл бөлінді.
Халықаралық диалог "Leadership in Education" білім беру бағдарламасының мазмұнын бірлесіп түзету, оны іске асыруға үлестік қатысу мәселесі, бірлескен білім беру бағдарламасын енгізудің қаржылық, құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерін серіктестік шешу перспективалары бойынша пікір алмасу жоспарларымен аяқталды.