ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

"Қазақстан мен Канаданың университеттері: жоғары білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық көкжиектері"

2024 жылдың 12 қарашасы философия және психология факультетінің деканы А. Д. Макатова қазақстандық және канадалық университеттердің жоғары білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастығының келешегін талқылау бойынша дөңгелек үстел отырысында сөз сөйледі. Дөңгелек үстел отырысына Канада тарапынан университеттер қатысты:

1. Thompson Rivers University

2. Kwantlen Polytechnic University

3. University of New Brunswick

4. Ontario Tech University

5. Memorial University of Newfoundland

6. Brock University

А. Д. Макатова біздің университет жұмысының негізгі бағыттарын таныстырып, университет атынан канадалық әріптестермен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Ақпарат біздің университеттің әлеуетті канадалық серіктестерінің қызығушылығын тудырды.