ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Кәсіптік білім беру педагогикасы және психологиясы

2023 жылдың сәуір айының 13-і мен 28-і аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушылары, докторанттары мен магистранттарына арналған (https://www.buketov.edu.kz/) п. ғ. к., "К. Г. Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялар және басқару университетнің (БКУ)", "Кәсіптік білім беру педагогикасы және психологиясы" кафедрасының доценті Рабаданова Разият Сулайбановнаның (https://mgutm.ru) "Деструктивті ортадағы әлеуметтік-педагогикалық басқару" тақырыбындағы қонақ дәрістері ұйымдастырылып өткізілген болатын. Дәріс барысында келесі тақырыптар қамтылды: "Деструктивті орта жағдайындағы қазіргі заманғы әлеуметтік қорғау жүйесінің мәні мен мазмұны"," Деструктивті орта жағдайындағы балаларды әлеуметтік қорғау жүйесі"," Балаларды әлеуметтік қорғаудың нормативтік-құқықтық базасының Халықаралық деңгейі", "Әлеуметтік және әлеуметтік-педагогикалық мәселелер ретіндегі халық миграциясы, балалардың кезбелілігі, панасыздық", "Отбасы балалық шақты әлеуметтік қорғау жүйесінде. Отбасын әлеуметтік қорғаудың құқықтық аспектілері". Аталмыш курстың білім беру ұйымдары мен халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарының әлеуметтік-педагогикалық жұмысы саласындағы мамандарды нәтижелі теориялық және практикалық даярлаудағы ықпал мол болды.