Педагогика факультетінде «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 40 жылдығы аясында 2024 жылдың 17 сәуірінде 10-11 сынып оқушыларына арналған педагогикалық олимпиада өткізілді. Олимпиада мектептердің дарынды түлектерін педагог мамандығына тартуға, педагогикалық қызметке қабілеттері мен қызығушылық танытқан білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін жағдай жасауға ықпал етті. Олимпиадаға қатысқан білім алушылар: - Қарағанды қаласының «Абай атындағы мектеп-гимназиясы» КММ (жетекшісі А.Б.Еракынова) - Қарағанды қаласының «№82 жалпы білім беретін мектебі» КММ (жетекшілері Аманкелді С.С., Қабибуллаева А.К.); - Қарағанды облысы Шет ауданының «Ы. Алтынсарин атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ (жетекшісі А. Ж. Сағындықова) - Қарағанды қаласының «Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназиясы» КММ (жетекшісі Қошанова М. К.) - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының «С. Торайғыров атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ (жетекшісі С.Ж. Исатаева) Олимпиадада келесі сайыстар өткізілді: эссе (тақырып олимпиадаға қатысушылардың таңдауы бойынша), команданың визит карточкасы (үй тапсырмасы) командалық өнер көрсету, блиц-сауалнама, педагогикалық жағдаят (бейнесюжетті қарау және жағдаятты шешу). Олимпиадаға қатысушыларды білікті қазылар алқасы бағалады: п.ғ.д., бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі кафедрасының профессоры С.К. Абильдина, п.ғ.д., арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының профессоры К.С. Тебенова, п.ғ.к., мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық кафедрасының қауымдастырылған профессоры Р.М. Айтжанова, Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжінің педагогика және психология пәндерінің оқытушысы Жексенова Б. О. І дәрежелі дипломмен «С. Торайғыров атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ «Тұмар» командасы марапатталды. II дәрежелі дипломмен «Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназия» КММ «Қауқар», КММ «Абай атындағы мектеп – гимназия» «Абай» командалары марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломмен «№82 жалпы білім беретін мектеп» КММ «ЖАСSTAR», «Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ «Даян» командалары марапатталды. Олимпиадаға қатысушыларға қол жеткізген жетістіктерімен ешқашан тоқтамауды - үйреніңіз, жаңаға ұмтылыңыз, дамыңыз дей отырып, табыс, шабыт, шығармашылық және позитивтілік тілейміз Педагогика факультетінің басшылығы олимпиаданың барлық қатысушыларына, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының директорларына, сынып жетекшілеріне, педагогтарға алғыс білдіреді.