Бүгін педагогика факультетінде Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 40-жылдығына орай “ Ұстаз болу- жүректің батырлығы” педагогикалық шеберханасы өтті. БОПжӘ кафедрасының профессор-зерттеушісі Салтанат Қуатқызы Абильдина жетекшілігімен магистранттар 1-семестр көлемінде Жоғары мектеп педагогикасынан алған білімдерін пысықтап, жалпы шебер ұстаз болудың сыры, ұстаздың қоғамдағы ролі жайлы, ұстаз үшін кітап оқудың маңызы туралы ой бөлісті, түрлі педагогикалық тапсырмалар орындады.
Шеберхананың ерекшелігі диалог идеясын барлық аспектілерде жүзеге асыру болды: жеке, топтық және жұппен жұмыс негізінде семинарға қатысушылар арасында шығармашылық ізденіс, білім және пікір алмасу болды.