2024 жылдың 11 қазанында Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің педагогикалық факультеті Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, облыстық педагогикалық олимпиада өткізді. Олимпиада «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 40 жылдығына орай ұйымдастырылып, «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып облыстық бейіндік жобасын жүзеге асыру шеңберінде өткізілді. Пәндік олимпиаданың негізгі мақсаты білім беру ұйымдарының бітіруші сыныптарының неғұрлым белсенді және дарынды білім алушыларын, сондай-ақ колледж білім алушыларының пәндік білімі мен дағдыларының деңгейін, олардың кәсіби-педагогикалық қызметте қажетті кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасуын анықтау және қолдау болды. Олимпиадаға қала мен облыстың жалпы орта білім берудің 58 білім алушысы және педагогикалық колледждерден 10 білім алушысы қатысты. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды, қатысушыларға сертификаттар табысталды. Олимпиадаға қатысушыларды тәуелсіз құзыретті бағалау үшін «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшысының орынбасары Т.Г.Нартова, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімі әдіскері Ж.Б.Жумабаева, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институты аға оқытушысы М.Е.Кисабекова, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің меңгерушісі А.З.Мухамедьярова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институты аға оқытушысы А.К.Шадетова шақырылды.