Кеше факультет деканы Зейниденов Асылбек Қалқенұлы бірінші курс студенттерімен таныстыру кездесуін өткізді. Кездесуде факультет деканы бірінші курс студенттерін университетке түсуімен құттықтап, олардың тамаша таңдауын атап өтті. Декан студенттерді факультеттің қазіргі өмірімен, құрылымымен және қызметімен таныстырды, университет миссиясына сәйкес кадрларды даярлау ерекшеліктері туралы айтты. Сондай-ақ, оқытудың ажырамас құрамдас бөлігі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы болып табылатынын атап өтті. Кездесуде тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Тишбеков Арнұр Арманұлы және факультет белсенділері сөз сөйледі. Арнұр Арманұлы студенттер ішкі тәртіп ережелерін сақтауы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, бірінші курс студенттерін факультет өміріне белсенді қатысуға шақырды. Парасаттылық пен Академиялық адалдық мәселелеріне арналған түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Студенттерге "факультеттің өмірі" және "сыбайлас жемқордың қызы"бейнероликтері көрсетілді.