Ата-ана үшін ұлының үйлену тойы қуанышты оқиғалардың бірі болып табылады. Отау көтеру тойын құдалықсыз елестету қиын. Бұл жағдайда көлік көмегі мейлінше қажет болады. Бұдан былай көлік іздеу үшін уақыт кетірмесеңіз болады – кәсіподақ Сізге «JAC» фирмасының 16 орындық шағын автобусын ұсынуға дайын екенін хабарлауға асығамыз. Енді университет қызметкерлері мен ОПҚ жаңа жайлы автокөлікпен Топар, Қарқаралы, Балқаш демалыс аймақтарына, Астанада өтетін концерттік және спорттық іс-шараларға, сондай-ақ қасиетті орындарға қызықты саяхат жасай алады. Факультет оқытушылары мен кафедра қызметкерлері корпоративтік сапарларға жиі шығып, бір-бірін жақынырақ тану үшін көбірек мүмкіндік туады деген сенімдеміз. Құрметті әріптестер, көңіл-күйлеріңіз әрқашан көтеріңкі болып, өмірлеріңіз жарқын да қуанышты оқиғаларға толы болсын!