ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

"Қарағанды Бөкетов университетіндегі Қысқы мектеп: білім, тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер"

Қарағанды Бөкетов университетінің коворкинг орталығында ағымдағы жылдың 16 қаңтарына дейін жалғасатын ҚЫСҚЫ МЕКТЕПТІҢ ашылуы өтті. Іс-шараның басында құттықтау сөз сөйлеген Басқарма төрағасы – ректор Н.О. Дулатбеков ағымдағы жылға арналған мақсаттар мен міндеттерді белгіледі. Басқарма мүшесі, стратегиялық даму жөніндегі проректор Е.Ж.Сармурзин «QS рейтингінің әдіснамасы» туралы айтты, қазіргі уақытта оның академиялық беделі 30%-ды, бір оқытушы мен қызметкерге шаққандағы дәйексөздер саны 20%-ды, оқытушылар мен студенттер арақатынасы 10%-ды, жұмыс берушілер арасындағы беделі 15%-ды, бітірушілердің жетістіктері 5%-ды, шетелдік оқытушылар үлесі 5%-ды, шетелдік студенттер үлесі 5%-ды, халықаралық ғылыми ынтымақтастық индексі 5%-ды, тұрақты даму мақсаттары 5%-ды құрап отыр. Өз кезегінде Басқарма мүшесі, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Е.М.Тәжбаев шетелде ғылыми тағылымдамадан өту барысында жинаған баға жетпес тәжірибесімен бөлісті. Презентация барысында ол ғылыми қызметті басқарудың тиімді стратегияларының тұстарын егжей-тегжейлі атап өтті. Оның айтуынша, Еуропа елдерінде негізінен барлық оқытушылардың ғылыми дәрежесі бар, сондай-ақ, түнде де кітап қоймасында болуға мүмкіндік беретін кітапханалардың тәулік бойы жұмыс істеуінің маңыздылығына баса назар аударылған. Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі–проректор М.М.Умуркулованың «Образование в условиях исследовательского университета: перспективы и сложности» тақырыбындағы баяндамасы да қызығушылық тудырды. Ректор аппараты басшысының м.а. Г.М. Байғожина Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасына қатысты баяндама жасады. Ол жобалық өтінімді ресімдеу бойынша ұсынымдар бере отырып, қазіргі уақытта 200 мыңнан 1 миллион еуроны құрайтын Халықаралық кредиттік ұтқырлық, ЖБӘА-ның қолжетімді бюджеті мен 2025 жылдағы жобалар санына қатысты мәселелерді қозғады. Қысқы мектептің бірінші күні Қазақстан Ұлттық психологтар қауымдастығының сертификатталған жаттықтырушысы Жанна Көпбаеваның сөз сөйлеуімен аяқталды. Танымал жаттықтырушы «Эффективный управленец: коммуникации, soft skills, управление изменениями» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.