Қарағанды Бөкетов университетінің химия факультетінде факултеттегі ғылымының негізі мен даму саласына көп еңбек сіңірген 4 деканның есімімен аталатын 4 зертхана ашылды. Олар: химия ғылымдарының докторы, профессор Құрманалиев Ораз Шабанбайұлы атындағы полимерлік материалдар зертханасы; химия ғылымдарының кандидаты, доцент Омарова Рашида Ғазизқызы атындағы катализ, мұнай және көмір химиясы зертханасы; химия ғылымдарының кандидаты, доцент Гафуров Еркін Камаритденұлы атындағы органикалық синтез зертханасы; химия ғылымдарының докторы, профессор Казанцев Александр Васильевич атындағы композициялық материалдар зертханасы.
Іс-шараға ректор Н.О. Дулатбеков бастаған университет басшылығы қатысты. Жаңа зертханалар басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер деңгейін арттыруға ықпал етіп, жастық жігер мен ақыл-ойдың, сондай-ақ қалыптасып толысқан зерттеушілердің орталығына айналмақ.