ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

BUKETOV UNIVERSITY СТУДЕНТТІК ҚАЛАШЫҒЫНДА МҰЗ АЙДЫНЫНЫ АШЫЛДЫ

Конькиімізді алып, мұз айдынында еркін сырғанайтын уақыт келді, өйткені бүгін Buketov University студенттік қалашығының аумағында талай студент тағатсыздана күткен мұз айдынының ашылуы өтті. Бұл спорт нысаны бос уақытты қызық әрі пайдалы өткізуге арналған, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Қыстың суық күніне қарамастан әр күнін белсенді өткізетін профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне, студенттеріне тамаша көңіл-күй мен әсем әуен ғана емес, сонымен қатар ыстық бауырсақ пен ыстық шай ұсынылды.

Мұз айдынына келу үшін өз конькиіңізді арқалап жүрудің қажеті жоқ, себебі мұнда оларды тегін алуға болады. Ол үшін ID картаңызды өзіңізбен бірге ала жүріңіз.

Мұз айдынының жұмыс уақыты:

Дүйсенбі-жұма-15:00-ден 20:00-ге дейін;

Сенбі, жексенбі-10:00-ден 20:00-ге дейін.