ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Тарих факультетінің жаңартылған оқу кітапханасы

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультетінде заманауи үлгідегі оқу кітапханасы мен жастар орталығы ашылды. Факультет кітапханасы бұрын мұрағат алып жатқан орынға көшірілді. Кітапхана уақыт талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталған. Кітапханадан университеттің көгалдандырылған ауласына шығып, оқырмандардың ашық аспан аясында дайындалуына мүмкіндік бар. Жастар орталығында студенттер, ізденушілер мен оқытушылардың өз жобаларын, идеяларын талқылап, іскерлік кездесулер, пікірталастар, лекция, семинар, шеберлік сағаттары мен тренингтер өткізулеріне қолайлы жағдай жасалған.