Экономика және биология-география факультеттерінде "7М05202 – экологиялық аналитика және биоэкономика" бірлескен инновациялық білім беру бағдарламасы ашылды.
Инновациялық ББ "М087 – Қоршаған ортаны қорғау технологиясы" ББ тобында орналастырылған.
Кешенді тестілеуді тапсыруға арналған пәндер: 1) Экологиялық мониторинг; 2) Экологиялық нормалау негіздері және сараптама.
Түлектерді шығару кафедралары – экономика және халықаралық бизнес кафедрасы және физиология кафедрасы.
ББ бітірген түлектер келесі лауазымдарда жұмыс істей алады: экономист-экоаналитик, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік жөніндегі маман, рециклинг-технолог, Жасыл экономика және тұрақты даму жөніндегі маман, қалалық модератор, парктік эколог, урбанист-эколог, өндіруші салалардағы экоаналитик, экоаудитор, киім рециклингі жөніндегі маман, эко-экологиялықрециклер, т. б.