Бөкетов университеті мен кәсіподақ комитеті 12 қызметкер мен ОПҚ үшін қызықты тур ұйымдастырып, оларды БАӘ-де демалуға жіберді.
Саяхатшылар әсем мемлекетке жолдау алды, жан мен тән рахатына бөленіп, жарқын әрі ұмытылмас әсерге толы демалыстан ләззат алу мүмкіндігіне ие болды.
Дубай қызықты демалыс өткізу үшін мінсіз орын, күн шуағы мен керемет көңіл-күйге бөленуге аптап ыстық та бөгет бола алмайды.
Кез келген талғамға сай келетін көптеген аквапарктер – ең сүйікті демалыс орны деуге әбден болады. Теңізші Синдбад туралы ежелгі араб ертегілерінің стиліндегі әрбір аттракцион мен оның орналасқан жері саяхатшының шытырман оқиғаларын баяндап береді.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристердің назарын аударып, жаңа рекордтар жаңартып жатқан таңғажайып әмірліктер мен князьдіктер бар. Жоғары технологиялық оазис үнемі шөлмен аумақ үшін күресуде және таң қалдырудан жалықпайды. Мұнда табиғатпен үйлесетін демалыстың барлық ләззатын сезінуге болады.
БАӘ-де өзіңді қауіпсіз сезініп, қала мен оның ең көрікті жерлеріне тамаша шолу жасай аласыз.
Демалыстарыңыз қызықты өтсін!