ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

QGIS НЕГІЗДЕРІ


19 ақпанда Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің археология, этнология және Отан тарихы кафедрасында «Археологтарға арналған QGIS негіздері» воркшопы өтті. Іс-шара «Цифрлық археология» пәні аясында аға оқытушы А.Д. Раисованың жетекшілігімен ұйымдастырылды. Шеберлік сабағын археологиялық объектілердегі күнделікті тәжірибесінде QGIS-ті белсенді түрде қолданатын археолог Dr. Ishiba RO өткізді. Dr. Ishiba Ніл атырауындағы зерттеулер, Иерихондағы Хишам сарайындағы жұмыс, Lidar мен дрондардың көмегімен Колорадодағы Chimney Rock картасын жасау және CLaSS и EAMENA жобалары аясында Сирия, Ирак, Ливан мен Иорданиядағы археологиялық ескерткіштер туралы деректерді өңдеу сияқты әртүрлі археологиялық жобаларға қатысты.Воркшоптың негізгі тақырыбы – археологияда QGIS-ті қолдану. Доктор Ishiba QGIS көмегімен археологиялық олжаларды визуалдау үшін карталар жасаумен қатар археологиялық зерттеулерді жоспарлап, жүргізу үшін географиялық деректерді қалай пайдалануға болатынын көрсетті. Сондай-ақ, AutoCAD, фотограмметрия және археологияда жасанды интеллектті қолдану бойынша қосымша воркшоптар жоспарлануда. Бұл шаралар студенттерге цифрлық археологияның мүмкіндіктеріне тереңірек үңіліп, археологиялық деректермен жұмыс істеу бойынша кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Шеберлік сабағында сонымен қатар кафедраның техникалық инфрақұрылымын одан әрі дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Сабақтар заманауи цифрлық құралдар мен ресурстарға қол жеткізу арқылы археология саласындағы оқу процесін айтарлықтай жақсартуға болатынын көрсетті. Техникалық құрал-жабдықтарды жетілдіру студенттерге осы құралдарды пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар өз зерттеулерінде олардың әлеуетін барынша арттыруға көмектесіп, оқу процесін барлық қатысушылар үшін тиімдірек және қызықты етеді.