Қосымша білім беру факультеті 2023 жылдың 20 қазанында Karaganda Buketov University университетінің 12 факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен Университетті дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған бағдарламасы аясында қосымша білім берудің негізгі бағыттары туралы кездесу ұйымдастырды. Отырыс барысында 2023-2024 оқу жылында Foundation бағдарламалары, педагогикалық қайта даярлау, біліктілігін арттыру, жаппай ашық онлайн курстарын дамыту, Педагогикалық шеберлік мектебі, Күміс университеті бойынша факультеттердің жұмысының міндеттері нақтыланды.