ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

"Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ-да өткен аймақтық экология олимпиадасының жеңімпаздары анықталды"

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің биология-география факультетінде 18-23 қараша аралығында ботаника кафедасы ұйымдастырған “Экология” пәнінен аймақтық олимпиаданың 1 кезеңі өтті. 1 кезеңнен іріктеліп алынған 30 оқушы 2 айналымға жолдама алды. 
29 қараша күні аймақтық олимпиаданың 2 кезеңі өтіп, келесі жеңімпаздар анықталды: 
1 дәрежелі диплом - Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп лицейінің 10 сынып оқушысы Бегежанов Имран Даниярович 
2 дәрежелі диплом - Әл-Фараби атындағы гимназияның 10 сынып оқушысы Кудеринова Камила Муратовна
2 дәрежелі диплом - №26 ЖББМ-нің 10 сынып оқушысы Амангельдинов Алькей Арманович
3 дәрежелі диплом - №36 ЖББМ-нің 10 сынып оқушысы Тулеубаева Мадина Женисовна 
3 дәрежелі диплом - С.Саттаров атындағы мектеп лицейінің 11 сынып оқушысы Малаев Мағжан Думанұлы
3 дәрежелі диплом - Жамбыл атындағы ММЛИ 10 сынып оқушысы Файзуллаева Саида Ерлановна