2023 жылдың 23-ші ақпанында Маркетинг және рекрутинг басқармасының ұйымдастыруымен Жамбыл облысының колледж және мектеп түлектерімен онлайн кездесу өтікізіліп, кәсіби бағдардағы жұмыстар жүргізілді. Бұл кездесуда осы өңірде білім алушы 500 ден астам түлектер қатысып, Бөкетов университетіне оқуға түсу, оның ішінде "Аймақтарға қоныс аударатын ауыл жастарына арналған гранттар" (Серпін) және де басқа да гранттық бағдарламалар аясында студент атанудың мүмкіндіктері бойынша толыққанды ақпараттар берілді. Кездесуге университеттің қабылдау комиссиясы мен биология-география факультетінің кәсіби бағдар жұмысына жауапты өкілі, сонымен қатар, тарих факультетінде Жамбыл облысынан келіп "Серпін" бағдарламасы арқылы грантқа түсіп, оқып жатқан студенттер де қатысты. Университеттің оқу үрдісі, ғылым және спорттық шараларымен байланысты таныстырылымдық презентациялық материалдар ұсынылып, түлектердің қойылған сұрақтарына толық жауап берілді. Жамбыл облысы білім беру басқармасының қолдауымен өткен онлайн іс-шара нәтижелі бола отырып, келешекте офлайн кездесулерді өткізуге уағдаластық жасалынды.