Күн сайын онлайн курстарды таңдаушылар саны артуда. Бұл таңдау бірнеше себеппен түсіндіріледі:Икемділік – оқу мен жұмысты, отбасылық және басқа да міндеттерді қатар алып жүруге мүмкіндік береді.Озық тәжірибеге қолжетімділік – университеттер, сарапшылар мен халықаралық платформалар дайындаған курстар елдің қай түкпірінде тұрсаңыз да, сізге қолжетімді.Білімді үнемі жаңарту – қазіргі тез өзгеретін әлемде өзекті білім мен дағдыларды меңгеру өте маңызды.Онлайн оқу – магистранттар, докторанттар, оқытушылар мен университет қызметкерлерінің қосымша білім алу мен кәсіби дамуының ажырамас бөлігіне айналды.Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде қосымша білім берудің онлайн форматы белсенді дамып келеді. Бүгінде біз педагогикадан бастап soft skills (зерттеу, цифрлық, тілдік және басқа да дағдылар), IT және инклюзивті білімге дейінгі әртүрлі бағыттарда заманауи курстар ұсынамыз.Курстар мазмұнын оқытушылар мен қызметкерлер үшін іріктеу:⁃ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары,⁃ осы салаға арналған педагогтің кәсіби стандарты,⁃ сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 2024–2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы негізінде жүргізіледі.Министрлік тарапынан гранттық қаржыландыру жобалары аясында зерттеулер шеңберінде онлайн курстар ұйымдастырылады.2022 жылдан бері бакалавриат, магистратура және докторантураның 6532 тыңдаушысы Coursera платформасындағы келесі онлайн курстарда білім алды: «ChatGPT: өндірістік инженерия», «Нейрондық желілер және тереңдетілген оқыту», «21 ғасырда жұмыс орнындағы коммуникация», «Soft skills: тұлғалық және кәсіби даму үшін икемді дағдылар», «Python: бағдарламалаудағы алғашқы қадамдар», «Мәдени антропология» және т.б.Студенттердің, магистранттар мен докторанттардың заманауи білім беру ресурстарына қол жеткізуі оқу сапасын арттырып, университеттің академиялық әлеуетін дамытуға жол ашады.Онлайн оқу – бұл бәсекеге қабілетті болуға және жаңа мүмкіндіктерге ашық болуға берілген мүмкіндік.