Қазіргі таңда орта білім саласының түлектері үшін мамандық таңдау және сол таңдаған мамандық бойынша қай университеттен сапалы білім алу өзекті сұрақ болып тұрғаны рас. Осы кезеңде Ұлттық тестілеу орталығы testcenterkz инстаграмм парақшасының тікелей эфирында "Karaganda Buketov University туралы" тақырыбы бойынша онлайн сұхбат жүрігізілді. Аталған онлайн кездесуде Маркетинг және рекрутинг басқарма жетекшісі Азамат Дуйсембаев buketov.university оқу орынына түсудің мүмкіндіктері мен ондағы оқу үрдісінің ерекшеліктері, басымдықтары туралы толыққанды ақпарат берді. Спикер ретінде талапкерлердің қызығушылық танытқан сұрақтарына нақтылықпен жауаптар беріліп, Ұлттық тестілеу орталығымен келешекте де әріптестік бағытта қызмет атқаруға уағдаластық жасалынды.