Бүгін Бөкетов университетінде академиялық мәселелер жөніндегі проректоры С.С. Сагинтаеваның төрағалығымен академиялық топ-менеджменттің кезекті жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңесте университеттегі білім беру процесінің сапасын арттыру бойынша негізгі мәселелер талқыланды:
білім алушылардың академиялық үлгерімін талдау;
білім алушылардың білімін бағалау сапасына және критериалды бағалау ұстанымдарына қойылатын талаптарды күшейту;
университет экожүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде академиялық адалдық қағидаттарын нығайту.
Жұмыс кеңесінің нәтижелері бойынша университеттің Академиялық кеңесіне талқылауға ұсынылатын іс-шаралар мен жұмыс түрлері анықталды