ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Арнайы мектеп-интернат жағдайында аутистік спектрлі бұзылыстары бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында оқыту семинары

2 сәуір Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні қарсаңында көктемгі мектеп аясында, арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасы «Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК, Қарағанды облысы білім басқармасының «№4 арнайы мектеп-интернат» КММ және «Асыл Мирас аутизм орталығы» КММ бірлесе отырып дефектолог-мұғалімдерге арналған «Арнайы мектеп-интернат жағдайында аутистік спектрлі бұзылыстары бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинар жұмысы теориялық бөлім, супервиязия және диалог алаңын қамтып өте нәтижелі өтті, мамандар өзекті мәселелер мен озық тәжірибелерді белсенді талқылады. Спикерлер ретінде кафедраның професорлық-оқытушылық құрамы, Қарағанды облысы «Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес» КММ, Астана қ. «ОРДА» аутизмі бар балалардың ата-аналарының бірлестігі» ҚБ және Қарағанды қ. «Аутист балалардың ата-аналарының қауымдастығы» (АРДА) ҚҚ басшылары мен мамандары қатысты. Аталған іс-шара «№4 арнайы мектеп-интернатпен» жүзеге асып жатқын бастамашыл жоба және ҚР ҒжБМ ГҚ АР19678524 «Арнайы және инклюзивті білім беру жағдайларында аутистік спектрлі бұзылыстары аралас бұзылулармен асқынған балаларды әлеуметтендіру үдерісін модельдеу» жобасы шеңберіндегі ғылыми-зерттеу мен практикалық жұмыстың нәтижелерін көрсетеді.

видео