8D01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 8D01101 - Педагогика және психология білім беру бағдарламаларының 1-3 курс білім алушылары, кестеге сәйкес 30 наурыз бен 10 ақпан аралығында жеке жұмыс жоспарын орындау бойынша 2022-2023 оқу жылының қорытынды академиялық аттестаттаудан өтті. Қорытынды академиялық аттестаттауға 8D01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс - 2 докторант, 2 курс -1 докторант, 3 курс -2 докторант, 8D01101 - Педагогика және психология білім беру бағдарламасымен 1 курс - 10 докторант, 2 курс -7 докторант, 3 курс -2 докторант қатысты.
Академиялык аттестаттаудан өткізу үшін Баскарма Төрағасы-Ректордың 2023 жылғы 28 наурыздағы №333 бұйрығымен комиссия құрамы: төрайым п.ғ.д., профессоры, педагогика факультетінің деканы С.А.Муликова, комиссия мүшелері: п.ғ.к., Ph.D докторы, бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының профессоры П.З. Ишанов, п.ғ.к., мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық кафедрасының меңгерушісі С.Б. Мукушева, п.ғ.д., профессор, мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық кафедрасының профессоры Л.А. Шкутина бекітілді.
Комиссия тарапынан жасалған академиялык аттестаттау корытындысында ғылыми-талдамалық және ғылыми-практикальқ басылымдарда докторанттардың ғылыми зерттеулерінің негізгі нәтижелері бойынша жарияланымдардың жеткіліксіз деңгейде жарық көргені атап көрсетілді.
8D01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 8D01101 - Педагогика және психология білім беру бағдарламаларының білім алушыларына берілген ұсыныстар:
1. Scopus базасына енген жоғары рейтингті және БҒССҚЕК жураналдарында жеткілікті деңгейде мақала жариялау;
2. Білім алшылардың тағылымдамадан өту мерзімін 2 - оқу жылына жоспарлау ұсынылды.