2024 жылдың 24 қыркүйегінде Басқарма отырысында жарияланған 2024-2025 жж. «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-на ғылыми-зерттеу жұмыстарына университетішілік грант конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасуда.
2024-2025 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмысының ұсынылатын бағыттары:
1. Қазақстанның көрнекті тұлғалары.
2. Университеттің бизнес-процестерін цифрландыру.
3. ЖОО қызметіне ESG принциптерін енгізу.
4. Жасыл экономика аясында қолданбалы жобаларды әзірлеу.
5. Кедергісіз білім беруді жүзеге асырудың кешенді шешімдері.
6. Индустрия 4.0 жағдайындағы университет.
7. Университеттің экожүйесін дамыту.
8. Студенттердің университеттік ортада бейімделуінің кешенді шешімдері.
9. Білім беруді интернационалдандыру.
10. Тілдердің ғылыми-білім беру құралы ретінде дамуы.
«Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ ғылыми-зерттеу жұмыстарына ЖОО ішілік грант туралы ереже университет сайтында орналастырылып, деканаттарға жолданды.
Ережеге сәйкес құрастырылған конкурстық өтінімдерді Ғылым департаментінің Технологияларды және инновацияларды қолдау орталығының инженері Т.З. Копжасарова (e-mail: k_tol_z@mail.ru, 206 кабинет) электронды және қағаз нұсқада 2024 жылдың 1 қарашасына дейін қабылдайды.
СКАЧАТЬ