Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезекті отырысында VII шақырылым депутаты Аманжол Әлтай Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың атына академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне ерекше мәртебе беру және Ұлттық университет деңгейін беру туралы депутаттық сауал жолдады.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты біздің ЖОО-ның білім беру және ғылыми-техникалық әлеуетін ескере отырып, ұлттық университет мәртебесін беру өңірлердің жаңа дамуына ықпал ететінін атап өтті.